2023 жылғы 11 қазанда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты базасында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасына ұсыныстар талқыланды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМК, «Теміртау қалалық аңшылар және балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының, «Табиғат» республикалық қауымдастығының, «Живая природа Казахстана» ЖШС және т. б. өкілдері қатысты
Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов өз сөзінде:
«Осы іс-шара аясында көтерілген мәселелер маңызды ғылыми-практикалық мәнге ие, өйткені олар туристік қызметті дамыту мен жетілдірудің жалпы үрдістерін талқылауға арналған.
Жаһандық экономикалық трендтер аясында Қазақстанда туризм саласының тұрақты дамуы өзекті бола түсуде. Бұл мәселе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанның экономикалық бадарына арналған Жолдауында ерекше атап өтілді.
Мемлекет басшысы елдің туристік әлеуетін пайдалануға және осы саладағы серпінді жобаларды іске асыруға баса назар аударды. Бұл ретте ол Қазақстанның осы салада, әсіресе басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жетістіктері жоқ екенін атап өтті». – деді.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша қолайлы инвестициялық жағдай жасау және ішкі және сырттан келуші туризмін дамытуды ынталандыру үшін заң жобасына бірыңғай тәсілдерді әзірлеу жоспарлануда. Бұл инновациялар туристік қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға ықпал ететін болады, сондай-ақ туризм саласындағы туристер мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.