2023 жылғы 19 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетовтің төрағалығымен Парламентаризм институтымен бірлесіп әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына негізгі тәсілдерді талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ отандық тамақ өнімдерін өндірушілердің салалық одақтарының басшылары қатысты.
ҚР Азық-түлік секторының салалық одақтары альянсының үйлестірушісі Андрей Кукушкин монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын, сондай-ақ сауда қызметі мен азық-түлік қауіпсіздігін реттеу саласындағы проблемалық мәселелерді талқыға салды.
Парламентаризм институты барлық мүдделі тұлғаларды заң жобасын сараптамалық талқылауға белсенді қатысуға шақырады.