2022 жылғы 7 қазанда Парламентаризм институтының директоры М.М. Махамбетов «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Саяси реформаларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысып, сөз сөйледі.
Атап айтқанда, ол бүгінгі таңда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ президенттік реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кең және терең тартуды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Аталған іс-шара барысында «Қазақстанның Азаматтық альянсы" ЗТБ мен МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
М. М. Махамбетов баяндамасының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100064013212303