2023 жылғы 19 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспековтың төрағалығымен лизинг мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Парламентаризм институтының, мемлекеттік органдардың, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, лизингтік және басқа да компаниялардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Жұмыс кеңесі шеңберінде жедел лизинг енгізу, жеке тұлғаларды оған енгізу арқылы лизинг алушылардың тізбесін кеңейту, лизингтік қызметті мемлекеттік қолдаудың нақты шараларының болмауы, сондай-ақ халықаралық лизингтің ерекшеліктерін реттеу мәселелері талқыланды.
Өзара іс-қимыл жоспары шеңберінде VIII сайланған Парламент Мәжілісінің екінші сессиясында Парламентаризм институты осы депутаттық бастамаға белсенді жәрдем көрсетіп отырғанын атап өтеміз. Институт сарапшылары Қазақстанның қолданыстағы лизингтік жүйесіне, халықаралық практикаға талдау жүргізеді, сарапшыларды тартады, сондай-ақ тиісті заң жобаларының мәтінін әзірлеуге жәрдемдеседі.
Қазақстанда лизинг мәселелері Азаматтық кодексте және «Қаржы лизингі туралы» заңда регламенттелген.
Парламентаризм институты осы заң жобасын әзірлеу мақсатында барлық мүдделі тұлғаларды, сарапшылар мен талдаушыларды заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады.
Лизинг мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарыңызды spanova@umto.kz электрондық мекенжайына жібере аласыздар.