Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда Парламентаризм институтының директоры М.Махамбетов «Ауыл шаруашылығында білімді тарату жүйесін дамыту мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі «дөңгелек үстелге» қатысып, баяндама жасады.

Талқыланатын мәселелер шеңбері келесі бағыттардан тұрды:

- Ауыл шаруашылығы саласында білім тарату жүйесін дамытудың халықаралық тәжірибесі (Extension);

- Қазақстан Республикасында АӨК саласында білім тарату жүйесінің қазіргі жағдайы;

- Білім тарату жүйесінің жай-күйі және ағымдағы мәселелері;

- АӨК саласында білім тарату жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттырудағы жаңа тетіктер мен тәсілдер;

- Білім тарату жүйесі шеңберінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жағдайы: проблемалар мен шешу жолдары.

Отырыста айтылған және «дөңгелек үстел» ұсынымдарына енген ұсыныстарды Парламентаризм институтының мамандары қолданыстағы заңнамаға талдау жасау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу процесінде жұмысқа қабылдайды.

***********************************************

P. S. Құрметті достар, осы саладағы заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстарды «Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» бөлімінде қалдыра аласыз.