Басты бетҰЖЫМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ҰЖЫМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Қыркүйек айының бас кезінде Парламентаризм институты мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде «Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Н.Б. Бекинов сөз сөйлеп, Институт қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жаңғырту мәселелерін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін; сыбайлас жемқорлықты алдын алудың негізгі құралдарын; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсі түсіндірді.

Талқылау қорытындысы бойынша спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенске қатысты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты Институт қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді