Бүгін, 2022 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А.А. Дәдебаев Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын барысында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етті.
Әріптестерін құттықтай отырып, ол, атап айтқанда, жақында Республика астанасы – Астана қаласында өткен 3 саммитті: Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), ТМД Мемлекеттері басшыларының Саммиті және Ресей – Орталық Азия форматында өткен Саммит шеңберінде жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыруға қосқан ҚР ПІБ жүйесінің әрбір кәсіпорнының жұмысының үйлесімділігі мен елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Парламентаризм институтының депутаттық корпусқа саяси маңызды және әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын әзірлеуге жәрдемдесу жөніндегі жұмысы жеке атап өтілді.
Парламентаризм институтының директоры М.М. Махамбетов ҚР Президентінің Іс басқарушысы А. А. Дәдебаевтың қолынан мінсіз жұмысы және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін "Құрмет" грамотасымен марапатталды.