Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырған «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНА 30 ЖЫЛ» атты I Халықаралық жас ғалымдар форумы жұмысының екінші күні.
Бұл әртүрлі елдерге, тілдерге және уақыт белдеулеріне қарамастан, онлайн-форматта сарапшыларды, танымал ғалымдарды тартуға, осылайша шекараны кеңейтіп, қазақстандықтарды ғылымның түрлі салаларындағы жаңалықтармен және әлемдік трендтермен таныстыруға бірегей мүмкіндіктер беретін өте тиімді коммуникациялық алаң.
Аталған Форум аясындағы «ДИСПУТ: ҚҰРЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КОНВЕРГЕНЦИЯСЫ: ЖАҚТАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР» 5-ші сессиясында Парламентаризм институтының директоры М.Махамбетов «ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ: АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ» тақырыбында баяндама жасады.