Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ Е...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ Е.Н. АБАҚАНОВПЕН ЖӘНЕ Е. Т. ЖАҢБЫРШИНМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ Е.Н. АБАҚАНОВПЕН ЖӘНЕ Е. Т. ЖАҢБЫРШИНМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

2021 жылғы 15 қарашада Парламентаризм институтында Институт мамандарының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті мүшелері Елдос Нұрболұлы Абақановпен және Еділ Терекбайұлы Жаңбыршинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы – маңызды мәселе, ал автокөлік ластанудың басты себептерінің бірі болып табылады.

Баса наазар аударылған екінші мәселе – «жасыл» мемлекеттік сатып алуды дамыту (экологиялық талаптар қойылатын тауарлар мен қызметтерді сатып алу).

Кездесу қорытындысы бойынша Парламентаризм институтының алдына қойылған міндеттер – халықаралық тәжірибені ескере отырып, жоғарыда көрсетілген проблемаларға жан-жақты талдау жүргізу және тиісті заң жобаларын әзірлеу.