2022 жылғы 10 маусымда Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов «AMANAT» партиясы жанындағы «TALQILAU» диалог алаңында «REFERENDUM 2022: Жаңа Қазақстанның Конституциясы» тақырыбында өткен кезекті отырысқа қатысты.
Спикерлер ретінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская сөз сөйледі.
Кездесуде қоғамдық шоғырланудың жаңа деңгейін көрсеткен референдумның қорытындылары талқыланды. Парламентаризм институтының директоры М.Махамбетов реформалар бірінші кезекте мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Іс-шараны жүргізген - модератор Мәжілістің «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек.