Парламентаризм институты және Hellenic OCR Team (Греция) заң шығару және парламенттік қызмет үшін жасанды интеллект құралдарын әзірлеу және енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Hellenic OCR Team - бұл жасанды интеллект саласындағы ең жаңа технологияларды қолдануға маманданған және еуропалық парламенттерді цифрландырудың жетекші ойыншысы болып табылатын грек әзірлеушілер тобы. Бұл ұйым Еуропаның барлық парламенттерімен өзара әрекеттеседі.
24-26 қазанда Парламентаризм институты Сенаттың жобалық кеңсесімен бірлесіп депутаттарға, мемлекеттік органдардың өкілдеріне, сарапшыларға, ІТ - қоғамдастыққа заң шығаруды цифрландыруға арналған семинарлар ұйымдастырды.
Меморандум оқыту семинарларын, конференцияларын бірлесіп қатысуды және ұйымдастыруды, баяндамалар, зерттеу жобаларын дайындауды, техникалық және ғылыми қолдауды, сондай-ақ парламенттік және үкіметтік жүйелер үшін электрондық құралдар мен қызметтерді әзірлеуді көздейді.