Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «қылмысқа қарсы күрестің практикалық мәселелерін назардан тыс қалдыруға болмайды, өйткені алаяқтықтың өсуі байқалады, бұл азаматтардың әділ наразылығын тудырады» деп атап өткен. Осыған байланысты оларға алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
Парламентаризм институты қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл және олардың жарнамасына қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу мәселелері бойынша талдау жүргізді.
Қаржы пирамидалары кірістерді ұлғайту үшін инвестиция салған азаматтарға ғана емес, сонымен бірге мемлекет экономикасына да зиян келтіреді, өйткені үлкен көлемде ақша қаражатының ағуы, иемденуі немесе ұрлануы орын алады. Ең бастысы, қоғамның аз қорғалған топтары қауіпті кәсіпорынға өздерінің соңғы мүлкін салған.
ІІМ мәліметінше, Қазақстанда қаржы пирамидаларының құрбандары 31 мыңнан астам адам болды, олар 54 млрд теңгеден астам қаржы жоғалтты.
Қаскүнемдер заңды микроқаржы ұйымдардың, букмекерлік кеңселердің, тұтыну кооперативтерінің және жабық инвестициялық қорлардын аттарымен бүркемеленеді. Қазіргі кездегі осы пирамидаларды жарнамалауға белгілі медиа тұлғаларды тарта отырып қаржы пирамидаларына қатысу өзекті болып табылады.
Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 150-бабында белгіленген, ол айыппұл түрінде жазалауды көздейді.
Талдау әкімшілік заңнама шегінде қаржы пирамидаларының жарнамасының жолын кесу тиісті нәтижелерді қол жеткізбегенін көрсетті.
Қылмыстың бастапқы сатысында жолын кесу мақсатында қаржы пирамидаларының жарнамасын Қылмыстық кодексте жауапкершілікті белгілей отырып, неғұрлым қатаң жауапкершілікпен (ауыр қылмыстар санатына жатқызу): адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше мәрте; бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет желісін, қызмет бабын пайдалана отырып, саралау белгісі бар жарнама үшін криминализациялау мәселесін қарау ұсынылады.
Сондай-ақ ҚК-нің 217-бабында көзделген қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазаны қатаңдату қажет деп санаймыз.