Басты бет«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» X САЯСАТТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІ

«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» X САЯСАТТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІ

«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»  X САЯСАТТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІ «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»  X САЯСАТТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІ

2022 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Е.Т. Қариннің қатысуымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты

Х Саясаттанушылар конгресі өтті. Конгрестің ұйымдастырушылары: Саяси зерттеулер қауымдастығы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық саяси ғылым қауымдастығы (КРЅА), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ.

Конгресте саяси жүйенің трансформациялануы аясында кәсіби саясаттанушыларды даярлау мәселелері мен мүмкіндіктері, қолданбалы және іргелі саяси ғылымның даму перспективалары талқыланды.

Конгресс жұмысына саяси бағытта білім беріп жүрген оқытушылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Парламентаризм институтының директоры М.М.Махамбетов «Екінші Республика: Саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбындағы панельді пікірталасқа қатысты.

Қазіргі уақытта кәсіби саясаттанушыларды даярлау саласында проблемалық мәселелер бар, олардың арасында оқыту сапасының төмендігін, оқыту әдістемелерінің ескіргенін және басқа да бірқатар проблемаларды бөліп көрсетуге болады. М.Махамбетовтің пікірінше, әрбір саясаттанушы құқықтық білімге, құқықтану негіздеріне ие болуы тиіс, өйткені саясаттанушылар қолданыстағы заңнаманың жай-күйін бағалауы тиіс. Өз кезегінде, Парламентаризм институтының білім беру жүйесіндегі қолданыстағы заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу үшін барлық ресурстары бар.