Басты бет"ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА БАСТАМАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

"ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА БАСТАМАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

"ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА БАСТАМАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА БАСТАМАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2022 жылғы 6 желтоқсанда Парламентаризм институтының өкілдері Пәкістан бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институты (IPDS) ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан – жаңа бастамалар» тақырыбында бірлестірілген форматтағы конференцияға қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.С. Қыстафин, Парламентаризм институты директорының орынбасары Э.Ә. Қалиева, сондай-ақ басқа да халықаралық сарапшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы шеңберінде Парламенттің рөлін күшейту мәселелері және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әділ және жаңа Қазақстанды құрудың негізгі реформалары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірлерден өкілдікті кеңірек қамту үшін қос палаталы қағидатты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сайлаудың жаңа пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесінің мәселелері талқыланды.

Интерпелляция, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау, халықаралық келісімдерді ратификациялау, сенімсіздік білдіру, Конституциялық Сотқа жүгіну сияқты нысандарды қамтитын парламенттік бақылау тетіктері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша тараптар осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізудің және Қазақстан мен Пәкістанның жетекші «ақыл-ой орталықтары» арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын растады.