2023 жылғы 27 қазанда Respublika партиясында Парламент депутаттарының бастамасымен «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңға енгізілген түзетулердің сараптамалық талқылауы өтті.
Парламентаризм институты тарапынан талқылауға Норма шығару мәселелері жөніндегі басқарманың Атқарушы директоры Алмас Қанатов және Қаржы және корпоративтік заңнама орталығының басшысы Маржан Жиенбаева қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Парламентаризм институты ҚР Парламенті Мәжілісімен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспар шеңберінде депутаттар бастамашылық еткен 26 заң жобасын әзірлеуге қатысады.