Басты бетПАРЛАМЕНТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІН ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ...

ПАРЛАМЕНТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІН ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ (Халықаралық конференция)

ПАРЛАМЕНТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІН ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ (Халықаралық конференция) ПАРЛАМЕНТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІН ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ (Халықаралық конференция)

2022 жылғы 17 мамырда Ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде Парламентаризм институтының өкілдері Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі жанындағы Заңнама және парламенттік зерттеулер проблемалары институты, Өзбекстан Республикасындағы Конрад Аденауэр Қор өкілдігінің жәрдемімен ұйымдастырған «Парламенттік бақылаудың тиімді тетіктерін енгізудің өзекті мәселелері: Өзбекстан мен шет елдердің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы шеңберінде Парламенттің рөлін күшейту» баяндамасымен Парламентаризм институты директорының орынбасары, з.ғ.д.,

Э.Ә. Қалиева сөз сөйледі.

Өз сөзінде Э.А. Қалиева Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның «суперпрезиденттік» модельден «президенттік» үлгіге, мықты Парламент пен есеп беретін Үкіметке өту қажеттілігін атап өтті. Парламенттік бақылау мемлекеттік бақылаудың бір түрі ретінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы демократиялық жүйелердің ажырамас бөлігі болып табылады.

Баяндамада сондай-ақ интерпелляция, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау, халықаралық келісімдерді ратификациялау, сенімсіздік білдіру, Конституциялық Сотқа жүгіну, Жоғары аудиторлық палатаның қызметі, парламенттік тыңдаулар, сондай-ақ өзге де парламенттік рәсімдер сияқты нысандарды қамтитын парламенттік бақылаудың тетіктері ұсынылған.

Парламенттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында оң халықаралық тәжірибені имплементациялау қажеттілігі атап өтілді.