Басты бет«МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕ...

«МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2022 жылғы 28 қыркүйекте Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастырудың, сақтаудың және пайдаланудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Сенат және Мәжіліс Парламентінің депутаттары Ғ.Т. Сарыбаев, Б. Смағұл, Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаев, Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет министрліктерінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

Іс-шараның қатысушылары мемлекеттік материалдық резервтің проблемалық мәселелерін кеңінен талқылады, сұрақтар қойылды, ұсынымдар айтылды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Т.Сарыбаев дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша кеңейтілген баяндама жасады. Өз баяндамасында сенатор материалдық резервтің болуы елдің ішкі экономикалық жағдайына реттеуші әсер етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Резервтер – қажет болған жағдайда дағдарыс кезеңінде экономиканың тұтас секторларын, жекелеген өңірлер мен кәсіпорындарды қолдауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады деді.

Баяндаманың қорытындысы бойынша сенатор мемлекеттік материалдық резервінің жай-күйі бойынша мәселелермен жұмыс жүргізу үшін бірқатар ұсыныстар ұсынды, оның ішінде түгендеу кестесін және оның уақыт кезеңін бекіту рәсімін реттеу; қабылданатын және сақталатын материалдық құндылықтардың сапасын бағалау жүйесін енгізу; материалдық құндылықтарын жаңарту кезінде тұрақты тексерулерді мұқият жүргізу; материалдық құндылықтар саласында тексеру жұмыстарын жүргізу функциясы бар мүдделі емес тұлғаны анықтау; мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін алғышарттар туғызатын факторларды жою, сондай-ақ өнім берушілермен сөз байласудың кез келген мүмкіндігін жою қажеттіктері туралы.

Парламентаризм институты жүргізген Мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау нәтижелері бойынша келесі проблемалық мәселелер анықталды: сапасыз өнім; материалдық құндылықтарды жаңарту, жинақтау, сақтау және шығару процестерінің тиімсіздігі; ішкі нарықтағы бағаны реттеуге қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, тұрақтандыру қорларын сақтау проблемасы; филиалдарда аккредиттелген зертханалардың жоқтығы; сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі және жаңартылуы мәселелері; сапасы төмен тауарларды сатып алу; мемлекеттік материалды сақтау жүйесінің заманауи талаптарға сәйкессіздігі; материалдық құндылықтарды жою мәселесі.

Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы үәкілетті орган болып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі табылады. Төтенше жағдайлар вице-министрі М.К. Пішембаев қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі таңда министрліктің «Азаматтық қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті. Тұжырымдамада қазіргі таңдағы материалдық резерв саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекеттік органдардың көзқарасы қамтылған.

З.ғ.д., сарапшы Б.Әбдірайым мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу және күшейту бойынша ұсыныстар берді.

Талқылау нәтижесінде проблемалық мәселелерді шешу, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

P/S Құрметті достар! Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды instparlam@umto.kz электрондық мекенжайға, сондай-ақ Парламентаризм институтының instparlam.umto.kz ресми сайтындағы «Заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» бөліміне жібере аласыз.