Басты бетПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ

2022 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Ұлттық сараптама алаңында «Президенттің саяси реформалары» тақырыбына отырыс өтті.

Кездесуде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформалары бағдарламасы жан-жақты талқыланды, атап айтқанда, Парламентті қайта форматтаудың: Қазақстанның саяси жүйесіне парламенттік реформа қалай әсер етеді? ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты арасындағы заң шығарушы билік тепе-теңдігі қалай өзгереді? Қазақстанның болашақ Парламенті қандай болуы тиіс? - деген мәселелер бойынша талдау жүргізілді.

Осыған орай, Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетұлы Махамбетов «Президент Жолдауы ең бірінші кезекте мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Саяси жүйені жаңғырту үшін саяси бәсеке керек. Ал саяси бәсеке тек қоғамның, халықтың саяси белсенділігінің арқасында болатынын, - деп атап өтті. Осы тұрғыда ұлттық заңдарымыздың саясатын Президент Жолдауын іске асыруға бағыттау қажет. Ал бұл жұмыс өте ауқымды және біз оны сапалы орындайтын боламыз...»

Сілтеме: http://www.kisi.kz/index.php/ru/meropriyatiya/2022-god/9493-kisi-prezentoval-natsionalnuyu-ekspertnuyu-ploshchadku-kisi-gps