Басты бетҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ

ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ

ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ

Қазақстанның Ұлттық валютасы күні және еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК-ның қаржы-экономикалық бөлімінің жоғары санатты бухгалтері АХМЕТЖАНОВА ШОЛПАН БОРАНҚҰЛҚЫЗЫ «Қаржы қызметінің үздігі» ведомстволық төс белгісімен марапатталды.

Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін төс белгісімен қаржы жүйесінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасының қаржы саласында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген өзге де адамдар марапатталады.

Әріптесімізді құттықтаймыз, кәсіби салада жаңа белестерді бағындыруды тілейміз.