Басты бет«ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮС...

«ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

«ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ДАМЫТУДЫҢ  ЗАМАНАУИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ «ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ДАМЫТУДЫҢ  ЗАМАНАУИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2022 жылдың 28 наурызда Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп «Жасыл» мемлекеттік сатып алуды дамытудың заманауи мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел модераторы ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты Елдос Нұрболұлы Абақанов сөз сөйледі.

Депутат Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин өз сөзінде талқыланған тақырыптың өзектілігін және «жасыл» мемлекеттік сатып алудың қазақстандық болмысына қолданылуын атап өтті. Өз кезегінде, Парламентаризм институтының мамандары «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтын дамытудың бірқатар тетіктерін ұсынды.

Депутат Е.Н. Абақанов қолданыстағы заңнамаға «жасыл» мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу кезінде туындайтын құқықтық және әкімшілік кедергілер тұрғысынан талдауды ұсынды.

Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдеріне мемлекеттік сатып алуды экологияландыру идеясын ілгерілету мақсатында заңнамалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың қажеттілігін атап өтуге мүмкіндік беретін диалог алаңын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Еуропалық Одақтың және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі қаралды, атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
67 елі «жасыл» мемлекеттік сатып алуды дамыту бағдарламаларын іске асыратыны атап өтілді. Экологиялық таңбалау, оның тиімділігі мен Қазақстан аумағында қажеттілігі мәселелерін талқылау кезінде пікірталастың жеке тармағы пайда болды.

Айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, «жасыл» мемлекеттік сатып алу қағидаттарын енгізуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.