Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметкерлері арасында «Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат!» тақырыбындағы байқау ұйымдастырды. Онда Парламентаризм институтының ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнама, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнама бөлімінің бас маманы Нұржан Сәулен II орынды иеленді.
Парламентаризм институтынан басқа номинациялар бойынша қатысушылар Сақалова Эльмира Жарасқызы және Ержан Арай алғыс хаттармен марапатталды.