Басты бетДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА   ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА   ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Жолдауында парламентаризмнің дамуы еліміздің саяси жаңғыруында басты орын алатыны атап өтті. Сондай – ақ, мемлекеттік басқару моделін саяси трансформациялаудың негізгі формуласы ұсынылды: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».

2022 жылғы 30 қыркүйекте Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп «Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелдің модераторы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, з.ғ. д. Қ.Б. Сафинов болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары: А. С. Арғынбекова, Н.Р.Раззақ, Г.Қ.Бижанова, Б.А.Бекжанов, И.С.Унжакова, А.П. Рау, ғалым және сарапшылар қауымдастығының өкілдері: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі М.С.Башимов, Қазақстан Республикасы цифрлық ақпарат заңнамасы институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Е.Б. Әбдірасұлов, з.ғ. д., профессор И. А. Әубәкірова, академиялық кеңестің мүшесі, з.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Б.Ж. Әбдраим, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Парламентаризм институтының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Мемлекет басшысының жоғарыда аталған бастамасын іске асыру шеңберінде әзірленген және жүзеге асыруға жоспарланған нормалар талқыланды, атап айтқанда:

- ҚР Конституциялық Соты мен ҚР Жоғары Сот кеңесі төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығына Парламент Сенатының өкілеттіктерін бекіту, заңдарды қабылдау тәртібін қайта қарау, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың аралас пропорционалды-мажоритарлық моделін енгізу, сайлаудың мажоритарлық жүйесі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарын кері қайтарып алу, жоғары аудиторлық палата құру;

- биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, жергілікті өкілді органдардың сайлау жүйесін жетілдіру, саяси партияларды тіркеу рәсімдерін оңайлату, құқық қорғау институттарын күшейту, сондай-ақ жерге, оның жер қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, басқа да табиғи ресурстарға қатысты халық меншігін белгілеу.

Барлық көтерілген мәселелерді Парламентаризм институтының директоры М. М. Махамбетов түйіндеді. Атап айтқанда, ол жаңа аралас сайлау моделі саяси әртүрліліктің кеңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін, партиялық емес кандидаттарға елдің саяси өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар барлық новеллалар қоғамды одан әрі демократияландыруға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға бағытталған деген ортақ пікірге келді.