2022 жылғы 20 қазанда Парламентаризм институты Парламент Мәжілісі Аппаратының сараптамалық-талдау бөлімімен бірлесіп «Кітапхана ісін дамыту және кітапханашылардың мәртебесін көтеру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел аясында кітапхана ісін дамыту саласындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кітапхана жұмысы және кітапханашының мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.
Дөңгелек үстелдің модераторы Парламентаризм институтының директоры М.М.Махамбетов болды.
Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары Сүлейменова Ж.Д. және Тәжмағамбетова М.М., мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, кітапхана қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар кітапхана ісін дамыту саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, проблемалық аспектілер мен шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару органдарының, мәдениет мекемелерінің және азаматтардың халыққа кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету саласындағы өзара қарым-қатынасы, кітапхана ісі саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, өңірлік кітапханаларды дамыту және кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кітапхана ісі саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.