Парламентаризм институтының мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия өткізген «Құқық қорғау қызметіндегі адам құқықтарын сақтаудың еуропалық стандарттары» тақырыбындағы халықаралық онлайн-семинарға қатысты.
Аталмыш семинар Сорбонна – Қазақстан институты Abai University-мен, Орталық Азиядағы құқық үстемдігі бойынша Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың бірлескен бағдарламасымен, Орталық Азиядағы заң мамандықтарының өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласындағы еуропалық білім беру бағдарламасымен (HELP) және «Жақсылық акселераторы:Izgilik elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп «Заң диалогтары» жобасы аясында ұйымдастырылды».
Семинарда АҚЖЕС практикасы контексінде бейбіт наразылықтарға құқықты іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды, еуропалық стандарттар бойынша құқық қорғау қызметіндегі азаптаулардың алдын алу мәселелері, Еуропа елдеріндегі терроризмге қарсы күрес тәжірибесі және т. б. туралы баяндамалар айтылды.