Басты бетСПОРТТЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СПОРТТЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СПОРТТЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ СПОРТТЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылғы 20 шілдеде Парламентаризм институтында дөңгелек үстел өтті, оның шеңберінде спортты дамыту саласындағы заңнаманы жетілдірудің проблемалық мәселелері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спортты дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.А. Ким, Ю.В. Жулин, мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, «Қазақстандық спортшылар одағы» РҚБ-нің, «Бизнес, қоғам және мемлекет қатынастары қауымдастығы» ЗТБ-нің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Олимпиада чемпиондары О.В. Шишигина, Е.С. Ибраимов, С.Ж. Сапиев, И.А. Ильин қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар спортшылардың әлеуметтік кепілдіктері мен сақтандырылуы, спорт саласындағы білім беру, спорттық медицина, есту қабілеті бұзылған спортшылардың құқықтары, санаттар беру қызметін автоматтандыру, жаттықтырушылардың құқықтық мәртебесі, спорттық инфрақұрылымды жақсарту сияқты және т.б. спортты дамыту саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының спортты дамыту саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленді.