Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында айтқан тапсырмаларын орындау шеңберінде Парламентаризм институты атыс қаруының айналымы және оны ұрлағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша заң жобасын дайындау жұмысын жүргізуде.
Осы жұмыстың Парламентаризм институты талдау жүргізіп, заң жобасын дайындады. Заң жобасы атыс қаруы айналымы саласындағы заңсыз әрекеттерге байланысты ықтимал теріс салдардың болдырмауға бағытталған.
Заң жобасын қабылдау келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қылмыстық қол сұғушылықты дұрыс сараламау мүмкіндігін болдырмау мақсатында ҚР ҚК 291-бабы 4-бөлігінің ережелері саралау белгілері бойынша нақтыланады;
- қылмыстың осы құрамы үшін барабар жазалау шарасын белгілеумақсатында ҚР ҚК 291-бабының 4-бөлігі бойынша жауапкершілік күшейтіледі;
- салалық Заңда лицензиядан айыру тәртібі туралы ереже ҚР ӘҚБтК-нің ережелеріне сәйкес келтіріледі;
- атыс қаруын сатып алған адамдар үшін «күту уақытын» белгілеуұсынылады, яғни қару сатып алушыға сақтау/ сақтау және алып жүру құқығын алғаннан кейін ғана «қолына» беріледі, бұл тек сатып алуға құқығы бар адамның қаруды сақтауына/ алып жүруіне байланысты заңды олқылықты жабады.