Басты бетМӘЖІЛІСТЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ МЕН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МӘЖІЛІСТЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ МЕН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МӘЖІЛІСТЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ МЕН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ МӘЖІЛІСТЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ МЕН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылғы 2 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровтың төрағалығымен «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылау жөніндегі жұмыс тобы өтті.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Парламентаризм институтының өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының (С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ)  және т. б. өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының отырысында «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» Заң жобасы бойынша депутаттардың бірқатар ұсыныстары мен ескертулері, оның ішінде Парламентаризм институты әзірлеген 11 түзету талқыланды.