2022 жылғы 4 мамырда Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді, оның шеңберінде ««Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Мейрамбекұлы Сартбаев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Әділет министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамының, Қазақстан фермерлер қауымдастығы, Қазақстан астық одағы, Қазақстан егін өсірушілер одағы, «KazGrain» экспорттаушылар ұлттық қауымдастығының, Қазақстанның астық өңдеушілер одағының, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының, Аграрлық-өнеркәсіптік одақтың (Қазагроөнеркәсіп Одағы), «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, «Ақ бидай-Терминал» акционерлік қоғамының және басқа да көптеген салалық одақтардың өкілдері және АӨК саласындағы бизнес субъектілері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңын іске асырудың проблемалық аспектілерін, астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғау мәселелерін және астық нарығын мемлекеттік реттеу бойынша тиімді шараларды әзірлеудің жалпы тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар, кеңес барысында қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін білдірген астық нарығының бизнес субъектілерінің пікірлері тыңдалды.