2022 жылғы 24 маусымда Парламентаризм институты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп бейнеконференц-байланыс форматында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды жетілдіру, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарын қорғау, тұрғын үй және тұрғын емес қорды басқару, ТКШ саласындағы цифрлық шешімдер және т.б. мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Раззак Назиля Раззакбаевна, Смирнова Ирина Владимировна, Линник Андрей Григорьевич, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, тұрғын үй-коммуналдық саладағы заңды тұлғалардың, құрылыс салушылардың өкілдері, ТҚК құрылтайшылары және басқа да мүдделі жеке және заңды тұлғалар (100-ден астам қатысушы) қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйлерді МИБ және ЖС басқарудың жаңа нысандарына көшу жағдайында проблемалық мәселелердің кең ауқымын талқылады. Атап айтқанда, депутаттар кондоминиум объектілерін басқару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының болмауы проблемаларын, бұл ИБ-ға көшу мерзімдерін ұзартуға әкеп соғатынын атап өтті; көтерілген келесі мәселе -
жиналыстарды өткізудің нысандары мен тәртібін нақтыламау, бұл, әрине, заңнама нормаларын, сондай-ақ меншік иелерінің құқықтарын бұзуға әкеледі.
Дөңгелек үстел барысында бизнес субъектілерінің тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар иелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңсіздігіне қатысты пікірлері айтылды. Қатысушылардың талқылауына шығарылған басты мәселелер көппәтерлі тұрғын үйдің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, КПТҮ күтіп-ұстауға және басқаруға арналған меншік иелерінің ақшасын жұмсаудың ашықтығы және оларды сақтау, сондай-ақ жауапкершілік жөніндегі міндеттерді енгізу болды.
Сонымен қатар, кеңес барысында ПИК төрағалары мен басқа да мүдделі тұлғалардың пікірлері тыңдалды.
Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылардан дереу шешуді талап ететін 100-ден астам проблемалық мәселелер келіп түсті. Келіп түскен барлық мәселелер тиісті заң жобасына енгізу үшін Парламентаризм институтымен мұқият талданатын болады. Парламентаризм институтының бұл жұмысы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"саясатын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.
***
P.S/ Құрметті достар! Қазіргі уақытта Парламентаризм институты депутаттармен бірлесіп Заң жобасын әзірлеуде, оның аясында жоғарыда аталған салада көтерілген мәселелер қаралатын болады. Құрметті достар, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңызды instparlam@umto.kz электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.