

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Парламентаризм институты «Кішкентай суретшілер» атты балалар суреттерінің көрмесін ұйымдастырды. Мерекеге қатысқан кішкентай қонақтар естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Парламентаризм институтының директоры М.Махамбетов балаларды қорғау күнінде әрбір балаға қамқорлық пен жылулық және алаңсыз, бакытты балалық шақты тіледі.