Басты бетҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

2022 жылғы 19 мамырда Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында еңбек қауіпсіздігін нығайту, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы түйткілді мәселелері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.Т. Төреғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан Республикасы кәсiподақтар федерациясы» РКБ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсарту саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.