Басты бетТАЗЫ ЖӘНЕ ТӨБЕТ ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМДАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

ТАЗЫ ЖӘНЕ ТӨБЕТ ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМДАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

ТАЗЫ ЖӘНЕ ТӨБЕТ ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМДАРЫН ҚОРҒАУ  ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЗЫ ЖӘНЕ ТӨБЕТ ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМДАРЫН ҚОРҒАУ  ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

2022 жылғы 31 тамызда Президенттің Іс басқарушысы А.Дадебаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Парламентаризм институты тазы және төбет иттерінің ұлттық тұқымдарын қорғау және жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс кеңесін ұйымдастырды. Осы іс-шараның модераторы ретінде Парламентаризм институтының директоры М.М. Махамбетов сөз сөйледі.

Жұмыс кеңесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ «Қансонар» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушыларға Парламентаризм институты «Қансонар» республикалық қауымдастығымен бірлесіп әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы талқылауға ұсынылды.

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар тазы және төбет иттерінің қазақы ұлттық тұқымдарын қайта жаңғыртудың өзектілігін атап өтті, өйткені қазіргі уақытта ит тұқымдарының төмендеу үрдісі ғана емес, сонымен қатар еліміздің көптеген өңірлерінде оның толық жойылу үрдісі де бар. Бұл ретте қазақы тазы және төбет – ұлттық қазына, халық оны жеті қазынаның бірі деп атайды және ата-бабаларымыздың мұрасы ретінде байырғы тұқымдарды сақтау біздің парызымыз.

Заң жобасында «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізу көзделген, бұл жануарлар дүниесі: «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен ерекше экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлардың жиынтығы» ұғымына негізделген.

Дөңгелек үстелге қатысушылар заң жобасының тұжырымдамалық мәселелеріне келісім білдіріп, оны қолдады.