Басты бетКӘСІПТІК БІЛІКТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ

КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ

КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ

2022 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен Парламентаризм институтының өкілдері «Кәсіптік біліктілік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесеріне қатысты.

Заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша әзірленді және біліктілікті танудың барлық пайдаланылатын тәсілдерін нормативтік құқықтық бекітуге, біліктілікті танудың белгілі бір тәсілдерін сәйкестікті бағалаудың басқа тетіктерінен пайдалануды шектеуге, атап айтқанда, біліктілікті танудың тәсілдерінің бірі ретінде аттестаттауға, сертификаттау тәртібі мен тетігін белгілеуге, кәсіби қызметтің әртүрлі түрлері үшін біліктілікті тану ерекшеліктерін айқындауға бағытталған.

Парламентаризм институтының мамандары өз кезегінде аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қарау кезінде одан әрі сүйемелдеуге белсенді қатысады.