ҚазҰАЗУ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде 2022 жылғы 28 маусымда Парламентаризм институты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері бойынша «Аграрлық жоғары білім беруді, АӨК үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың проблемалық мәселелері. Жаңа кәсіптер атласы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге 100-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.М. Сартбаев, Ю. В. Жулин, Г. А. Нұрымова, И.В. Смирнова, Е. Қ. Өмірғали, сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы А. К. Жанғозин, ҚазҰАУ стратегия, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры З.Я.Балиева, Парламентаризм институты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, BTS Education және т. б. білім беру мекемелері мен осы АӨК саладағы бизнес субъектілері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аграрлық жоғары білім берудің жай-күйі мен даму проблемаларын, АӨК үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадрлық проблемаларды, АӨК үшін инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін, білім алушыларды техникалық және кәсіптік даярлау бойынша кәсіпорындармен бірлескен іс-шаралардың тиімділігі мен өткізілуін және т. б. талқылады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласының мазмұндық аспектілері талқыланды.