«Конституциялық реформалар аясында Парламенттің рөлін арттыруды салыстырмалы-құқықтық талдау» мақаласында Парламентаризм институты директорының орынбасары, з.ғ.д.
Э. А. Қалиева заңнамалық органдар функцияларының халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізіп, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар аясында ҚР Парламентінің рөлін күшейту мәселесіне тоқталды.
Автор енгізілетін өзгерістерді, Парламенттің функцияларын, сондай-ақ интерпелляция, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау, халықаралық келісімдерді ратификациялау, сенімсіздік білдіру, Конституциялық Сотқа жүгіну, жоғары аудиторлық палатаның қызметі, парламенттік тыңдаулар, сондай-ақ өзге де парламенттік рәсімдер сияқты нысандарды қамтитын парламенттік бақылау нысандары мен парламенттік бақылау тетіктерін талдады.
Парламенттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында оң халықаралық тәжірибеге мән беру қажеттілігін атап өтті.
Толық нұсқасы сілтеме арқылы: