Басты бетМЕМЛЕКЕТТІК МОДЕЛЬДІ ЖАҢАРТУ

МЕМЛЕКЕТТІК МОДЕЛЬДІ ЖАҢАРТУ

МЕМЛЕКЕТТІК МОДЕЛЬДІ ЖАҢАРТУ МЕМЛЕКЕТТІК МОДЕЛЬДІ ЖАҢАРТУ

14 сәуір 2022 жыл Парламентаризм Институтының директоры М.Махамбетов «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Екінші Республика: Мемлекеттік модельді жаңарту» тақырыбында «TALQYLAU» диалог алаңында сөз сөйледі. Іс-шараға депутаттар, сарапшылар, талдаушылар, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері және т. б. қатысты.

М.Махамбетов мемлекетті трансформациялау тұжырымдамасын іске асыруға кешенді қарау қажеттігін атап өтіп, монополиясыздандыру және бәсекелестік ортаны дамыту мәселелерін қозғады. Мемлекеттік басқаруды жаңғырту жөніндегі барлық президенттік бастамаларды іске асыру кезінде басқарушылар алдында халықтың әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру деңгейін, олардың табысын арттыру міндеті қызыл жіппен қадағалануы тиіс екендігі атап өтілді.