Басты бетДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: "МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҒЫ...

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: "МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ"

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: "МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: "МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ"

2022 жылғы 12 қазанында Парламентаризм институтында «Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы және есеп беруі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы түйткілді мәселелерді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның әзірлеушілер қауымдастығы» ЗТБ, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі өзекті мәселелерді көтеріп, проблемалық аспектілері мен ықтимал шешімдерін талқылады. Атап айтқанда, онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуге мүмкіндік беретін (сайлау учаскелеріне тіркелу, шетелде ЭЦҚ алу және т.б.) биометриялық деректерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру мәселесі кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.