Бұқаралық және балалар спортын дамыту саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламентаризм институты қолданыстағы ұлттық және шетелдік заңнаманы, сондай-ақ құқық қолдану практикасын зерделеу негізінде спортты дамыту саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға талдау жүргізді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы
1 қыркүйектегі «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында әртүрлі қызмет салалары қозғалды, олардың арасында бұқаралық және балалар спортын дамыту ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта мемлекет үшін адам капиталына инвестициялардың объектісі адамның кез-келген қабілеті мен таланты бола алады. Оларға тек интеллект қана емес, сонымен бірге адамның спорттағы әлеуетті жетістіктері де кіреді. Сондықтан мемлекеттің назарын және күш-жігерін балаларды спорт секцияларымен және өнер үйірмелерімен қамтуға бағыттай отырып, кез-келген ел тәуелді болатын сапалы адами капиталды тәрбиелеу қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт жүйесінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құқықтық негіздер құрылғанын атап өткен жөн. Мемлекет бұқаралық және балалар спортын насихаттау және дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортын дамыту саласында заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі процесс шеңберінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдау деңгейінде шешілуі мүмкін мәселелер бар.
Балалар мен бұқаралық спортты дамыту проблемаларының арасында спорт объектілері мен инфрақұрылымын салу мәселелері бөлектенеді. Осыған байланысты, елді мекенді немесе оның бір бөлігін салуды жоспарлау кезеңінде, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлерді жобалау кезінде оларды қала құрылысы жобаларында жобалауды қарастыруға болады деп санаймыз.
Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың үлкен саяси және әлеуметтік мәні бар. Салауатты өмір салтын насихаттауды дамыту, спорттың әлеуметтік-мәдени маңыздылығын, оның қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасаумен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында құрылып жатқан ұлттық спорттық контентті қолдау және қолда бар ұлттық спорттық контентті дамыту маңызды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне талдау нәтижелері бойынша анықтама дайындалып, жіберілді.