2023 жылдың 24 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту барысында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымының докторы, профессор Әбдуәли Ереновтің 100 жылдығына және ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Отырысқа Парламентаризм институтының бас маманы, PhD докторы Сәулен Нұржан қатысты. Сарапшы экологиялық таза автокөлік және шағын электр көлік құралдарын құқықтық реттеу мәселелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары және студенттерімен Институт жүргізіп жатқан заң шығару жұмыстары бойынша дәріс сабағын өткізді.