БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті.
Осы жылдың қорытынды конференциясы «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу» тақырыбына арналды.
Талқылауға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Конференцияда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм Институты директорының орынбасары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат Жаңалысқызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасына енгізілген өзгерістер жайлы баяндама жасады.