Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 8 желтоқсанда А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты - ғылым, білім, педагогика, журналистика, филология, тарих және басқа да гуманитарлық ғылым дамуындағы өзекті мәселелерді зерттеу.

Парламентаризм институты атынан болжау, әлеуметтік-экономикалық талдау және статистика орталығының бас маманы, экономика ғылымдарының кандидаты Ә.А.-Қ. Кәрібаев «Бюджет процесін құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Іс-шараға 150-ге жуық сарапшы қатысты. Оның ішінде: филологтар, тарихшылар, экономистер, заңгерлер, лингвистер, педагогтар мен оқытушылар, мемлекеттік орган өкілдері, Өзбекстан, Ресей елдерінің сарапшылары.

Конференция қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми деректер қоры, индекстелген басылымдарда тезистер жинағын басып шығару жоспарланып отыр.