Басты бетСАРАПШЫЛАР ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ЕҢБЕК  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР ЕҢБЕК  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР ЕҢБЕК  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР ЕҢБЕК  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Президенттік орталығында Парламент депутаттарының, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен еңбек құқығы саласындағы сарапшылардың қатысуымен «Еңбек құқығының өзекті мәселелері. Еңбек құқықтары және оларды қорғау: заң және практика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Парламентаризм институты мен ҚР Президенттік орталығы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   ҚР Заң жобасының нормаларын талқылау және әзірлеу мақсатында ұйымдастырыды.

«Еңбек қатынастары саласы кез-келген еңбек ұжымының тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды бірқатар негізгі бағыттарды қамтиды. Бұл кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алуын қамтитын еңбек қауіпсіздігі. Жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды көздейтін әлеуметтік әріптестіктің маңызы зор. Бұл ретте кадрларды іріктеуге, оқытуға және дамытуға бағытталған персоналды басқаруды бөліп көрсетуге болады. Сондай-ақ еңбек және әлеуметтік серіктестік заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін еңбек қатынастарын құқықтық реттеу», - деді Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның еңбек құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет, осыған байланысты барлық мәселелерді алаңдар мен көшелерде емес, келіссөздер үстелінде шешу қажет. Осыған орай, бүгінгі жиналған отандық және шетелдік сарапшыларды қазақстандық еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған ашық диалог алаңы болып табылатын Президенттік орталықтың қабырғасында қарсы алуға қуаныштымын. Бірлескен дөңгелек үстел отырысымыз жемісті өтетініне сенімдімін», - деп атап өтті ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов.

ҚР Конституциялық сотының Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов те өз пікірімен бөлісті. Ол Қазақстанның Еңбек кодексі одан әрі жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Мұны қолданыстағы құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жалғастыру арқылы немесе жаңа Еңбек кодексін әзірлеу және қабылдау жолымен жүзеге асыруға болады.  Баяндамашының пікірінше, екінші нұсқа тиімдірек, себебі   онда жаңа мамандықтар мен қарым-қатынастың жаңа нысандарын қамтитын қазіргі еңбек нарығының барлық қырлары ескерілетін болады.

Өз кезегінде, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінкеев Еңбек кодексінде жалақыны индекстеуді заңнамалық түрде бекітілуін жақтады, себебі қазір бұл ұжымдық шартқа сілтеме нормасы ретінде ғана бар. Оның пікірінше, жалақы кешіктірілген жағдайда жұмыс беруші төлейтін тұрақсыздық айыбының мөлшерін ұлғайту және жалпы еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту қажет.