2024 жылғы 7 ақпанда Парламентаризм институтында Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасын және оған ілеспе заң жобасын талқылау бойынша бірінші онлайн жұмыс отырысы өтті.
Отырысқа 50-ден астам ғылыми сарапшы қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, «Атамекен» ҚР ҰҚП-ның, География және су қауіпсіздігі институтының, У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының, ҚҰАЗУ-ның «Water HUB» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, сондай-ақ су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы жетекші ғалымдардың кең тобы.
Кіріспе сөзінде Институт директоры Қанатбек Сафинов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне назар аударды: «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы су ресурстарының болуына тікелей байланысты. Суды үнемдейтін технологияларды кеңінен енгізу керек. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет.».
Талқылау барысында Қазақстан Республикасының Су кодексінің жобасы бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар мен ескертулер тыңдалып, жұмыс тобы қызметінің негізгі бағыттары айқындалып, алдағы жұмыстың алгоритмі әзірленді.
Осы тақырып бойынша ұсыныстарыңыз болса және Су кодексінің жобасын сарапшылық талқылауға қатысқыңыз келсе, өз ұсыныстарыңызды Zhaxygeldinova@umto.kz электронды поштасына жіберуіңізге болады.