20 ақпанда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры басшылығының жұмыс кездесуі өтті. Аталған шара
барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты Парламентаризм Институтының директоры Қанатбек САФИНОВ пен парламентаризмді дамыту қорының басшысы Зәуреш БАТТАЛОВА әріптестік қатынастарды нығайту болмақ. Сондай-ақ ақпарат және тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар өткізу болып табылады.
Жиында Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексінің жобасын әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы маңызды шешім қабылданды.
Кездесу барысында Қанатбек САФИНОВ ағымдағы жағдай мен жұмыс тобының жұмысын қысқаша таныстырып өтті.