Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

📌2024 жылғы 1 наурызда Астана қаласында мемлекеттік органдар басшыларының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстандағы Климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру» тақырыбында сараптамалық семинар өтті.  Аталған жиынды ОЭСР, SIPA, SECCA (ЕО) және GIZ жобаларының қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырды.

 

Парламентаризм институтынан семинарға атқарушы директор Жанар Тулиндинова, болжамды, әлеуметтік-экономикалық талдау және статистика орталығы басшысының м.а. Әнуар Қарыбаев және қаржы және корпоративтік заңнама орталығының бас маманы Нұржан Сәулен қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты ҚР Үкіметіне стратегияны іске асыру жөніндегі жол картасы жобасына ұсынымдар әзірлеу және Ұлттық Климаттық міндеттемелерді орындауды ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларын нормативтік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру болып белгіленді.

 

«ҚР-дағы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағыттары» семинарының бірінші сессиясының модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰБО директоры Бақыт Есекина болды. Семинарға қатысушылар алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, ЕО делегациясының саясат бөлімінің басшысы Мачей Мадалинский, ҚР Дүниежүзілік Банкінің басшысы Андрей Михнев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Оширбаев құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз, Парламент Мәжілісі Қоғамдық палатасының мүшесі Айжан Сқақова және басқалар баяндама жасады.

 

Сараптамалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстан Республикасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарына ұсынымдар жобасын қабылдады.