Былтыр 12 желтоқсанда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Астана қаласында өткен «Заң шығару процесін жетiлдiру» атты арнайы жинақты жарыққа шықты
Жалпы дөңгелек үстелді Парламентаризм институтының бастамасымен, ҚР Әділет министрлігі және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты бірігіп ұйымдастырған болатын.
Жинақта заң шығару процесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар. Сондай-ақ заң шығару және төмен тұрған деңгейлердегі құқықтық реттеуді ажырату сияқты тақырыптар бойынша дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары бар. Мәселен нормашығару қызметін жоспарлау сапасы; қоғам мен мақсатты топтардың норма шығару процесіне қатысуы; заңнаманың тиімділігі мен заңдардың орындалуын қамтамасыз ету критерийлері; жұртшылықтың және мақсатты топтардың құқықтық мониторингке қатысуы сынды еңбектер бар.
Айта кетсек, спикерлер нормативтік-құқықтық актілер мәтіндерінің түпнұсқалығы, заңнама тілінің қолжетімділігі, Қазақ заң терминологиясын дамыту және стандарттау және норма шығаруды жетілдірудегі заманауи технологиялардың рөлі мен әлеуеті сияқты мәселелер көтерді.