Бүгін ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында Маңғыстау облысының мәслихат депутаттарымен техникалық-методикалық тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті.
Тренинг форматында өткен алқалы жиынға Парламентаризм институтының директор орынбасарлары Ляззат Сүлеймен және Берік Бекжанов, Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев пен бірге делегация құрамында Маңғыстау облысының әр аудан, қаласынан отызға жуық депутат болды. Сондай-ақ, Парламентаризм институтының орталық басшылары мен сарапшылары қатысты.
Шарада ашып алғашқы сөз сөйлеген Ляззат Жаңылысықызы институттың жұмысына тоқталып өтіп, Мемлекет басшысының сөзін тілге тиек етті.
«Бізге институтқа келулеріңіз президенттің тапсырмасын орындауға деген талпыныс деп түсінемін. Бүгінде Парламентаризм институты қолданыстағы заңнаманың тиімділігін талдаумен жүйелі түрде айналысуда. Ал енді мәслихат депутаттарының Парламентпен өзара іс қимылдары туралы мәселеге келетін болсақ, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 сәуірде мәслихат депутаттарының алдында: бірінші кезектегі міндет - жергілікті тұрғындардың мүдделерін қорғау екенін айтты. Электораттың өзекті мәселелері бойынша күнделікті қажырлы жұмысқа көшу, сонымен бірге кәсібилік пен жауапкершілік көрсету қажеттілігі туралы айтты. Сондықтан сіздерге арнап, заңнамалық шешімді талап ететін халық проблемаларын шешу бойынша Парламент пен мәслихаттардың өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған тренинг дайындадық»,- деп сөзін аяқтады басшы орынбасары.
Аталған шара аясында норма шығару және заңжобалау саласында 20 жылдық жұмыс өтілі бар, 100-ден астам заң жобаларын әзірлеуге қатысқан және нормашығармашылық қызмет бойынша кітаптардың авторы Парламентаризм институның Жеке заңнама орталығының басшысы Меруерт Қабылбаева «Мəслихат депутаттары қызметінің тиімділігін жəне олардың Парламент депутаттарымен өзара іс-қимылын арттыру» тақырыбында тренинг өткізді.
Жалпы іс-шарада қатысушылар Парламент депутаттарының заң жобаларына бастамашылық етуінің негіздерінің бірі - азаматтардың талаптары мен өтініштерін талдау негізінде қалыптастырылған өңірлік мәслихаттардан алынған ұсыныстар болуға тиіс деген байламға келді.
Кездесу нәтижесінде делегация мүшелері Маслихат депутаттарының біліктілігін арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісімін білдірді. Сондай ақ, халық қалаулылары тренингке жоғары баға беріп, мәслихат депутаттары үшін пікір алмасуға арналған алаңға айналу керектігін атап өтті.