Астанада ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару және Академиямен бірлесіп ұйымдастырған «Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнаманы дамыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара депутаттық корпустың, судьялардың, ғалымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамдастықтың әкімшілік әділет саласындағы бар проблемаларды шешудегі, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік құқықтық қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдірудегі күш-жігерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының депутаттары, Сот жүйесі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, көрнекті қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинадан келген судьялар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта Мәжәләсте әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша үкіметтік заң жобасы қаралуда.
Өткен дөңгелек үстел Қазақстанда жүргізіліп жатқан әкімшілік заңнаманы жетілдіру жөніндегі үлкен жұмыстың құрамдас бөлігі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2021 жылдан бастап қолданылып келе жатқан Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың актілеріне және шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымдарына дау айту рәсімін регламенттейді. Бұған дейін азаматтардың билік органдарымен даулары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралған.
Ұлттық заңнаманы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру мәселесі де өзекті болып қала береді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі қағидаты жеке тұлғаларды билік субъектілері тарапынан ықтимал теріс пайдаланудан қорғау қағидаты болды.
Қазіргі уақытта мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға келіп түсетін талап-арыздар санының артуы байқалады. Осыған байланысты ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылауды ұсынды.
Дөңгелек үстелде әкімшілік істер бойынша сот практикасының өзекті мәселелері, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару шарттары ретінде әкімшілік қарауды қолдану және оның сот бақылауын қайта бөлу мәселесі талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында алынған ұсыныстар мен ұсынымдар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыста ескерілетін болады.