Басты бетСАРАПШЫЛАР «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДА, КЕНТТЕРДЕ, АУЫЛДАРДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТ...

САРАПШЫЛАР «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДА, КЕНТТЕРДЕ, АУЫЛДАРДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДА, КЕНТТЕРДЕ, АУЫЛДАРДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДА, КЕНТТЕРДЕ, АУЫЛДАРДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДА, КЕНТТЕРДЕ, АУЫЛДАРДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Парламентаризм институтында директор, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың төрағалығымен «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы талқыланды.

Іс шарада «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қоры» ҚҚ, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» ЖМ, «Балама өзекті зерттеулер орталығы», сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сарапшылар қатысты.

Парламентаризм институты жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заң жобасын жасады. Заң Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ олардың аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде жұмыс істеуінің қаржылық-экономикалық негіздерін айқындайды. Заң күшіне енгеннен кейін оның қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.

Жиында Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов жергілікті өзін-өзі басқару аумақтардың тұрақты дамуына ықпал ете отырып, халықтың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, талқыланып жатқан заң жобасы азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысуының құқықтық тетіктерін жетілдіруге және жергілікті қоғамдастықтардың рөлін күшейтуге бағытталған.

Қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау және нығайту қажеттілігіне назар аудара отырып, өздерінің сараптамалық пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Олар автономияны, жауапкершілікті және жергілікті белсенділікті арттыру үшін икемді, бейімделгіш және тиімді жүйеге көшу қажет екенін атап өтті. Мұндай жүйе өңірлердің тұрақты дамуына және елдегі демократиялық процестердің нығаюына ықпал ететін болады.

Жиын қорытындысы бойынша аталған тақырыпты егжей-тегжейлі зерделеуді жалғастыру және Заң жобасының ережелерін мемлекеттік органдармен талқылайтын болды.