Басты бетСЕНАТТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫ...

СЕНАТТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

СЕНАТТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ СЕНАТТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ СЕНАТТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

2024 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында - тұрмыстық қатты қалдықтарды реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Аталған басқосуда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылды.

Айта кетейік, Заң жобасын Парламентаризм институты және сала мамандары бірлесіп әзірледі.

Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобына келесі сарапшылар кірді:

- Жан Нұрбеков – қалдықтарды басқару саласындағы сарапшы;

- Сергей Лущинский – Қазақстанның қайталама шикізат жинау кәсіпорындарының қауымдастығының мүшесі, қайталама шикізатты жинау және өңдеу бойынша «Green Park» ЖШС, «LS Kokshetau» ЖШС құрылтайшысы және басшысы;

- Шыңболат Байқұлов – «KazWaste» Қазақстан қалдықтарды басқару қауымдастығының Басқарма төрағасы;

- Алима Исембаева – «Кока Кола Алматы Боттлерс» компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі директоры, алкогольсіз сусындар өндірушілер қауымдастығының басқарма мүшесі;

- Шыңғыс Темір – Қазақстанның қайталама шикізат жинау кәсіпорындарының қауымдастығының Басқарма төрағасы;

- Әлішер Аққазенов – CCI Kazakhstan өкілі;

- Берік  Зайыров – Қазақстан тәуелсіз бизнес Одағының Басқарма төрағасы, Салық кодексін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

Заң жобасында ұсынылды: коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін міндетті түрде бөлек жинауды енгізу, әртүрлі қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған бөлек тарифтерді белгілеу, тарифтердің міндетті жыл сайынғы индексациясын енгізу, ӨКМ операторларының ашықтығы және міндетті есеп беруі, ӨКМ бойынша міндеттемелерді орындаудың баламалы жүйелерін кеңейту, энергетикалық кәдеге жаратылмайтын қалдықтар тізімін нақтылау, ӨКМ операторларының міндетті есептілігін енгізу, уәкілетті органның құзыретін түзету.

Жиын барысында қатысушылар көтерілген мәселелер мен ұсыныстар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіруге ықпал етеді деп атап өтті.